1900 жылдың шамасында Қызылқұрт руының жерінде жұт болады. Осы туыстарына қыдырып келген әйел ақын Білек Өзбеков Сейіт мырзаның тойында атақты Өтебай ақынмен кездеседі. Білектің көзі кем екен. Оның туыстары Өтебайдың өз ағасының әйелін алып қашқанын құлақ қағыс етеді. Алғаш қағысқанда-ақ Білек осы кесірленгені жөн емес екенін бетіне басады. Өтебай: «Бұрын мені жеңдім деп мақтаныпсың», — деп бәле салады. Білек те: «Білгенің пәле мен жала екен. Әйел жүріп-жүріп ағаңның әйелін алып қашқаның не? Бозбалаға қыз ылайық. Ағаңды сатып, қалыңдыққа құмартқаның-оңбағандық», -деп жерлейді. Өтебай жеңіледі.