Бұтабай деген болыстың үйнде кездесіп қалған екі ақын айтысады. Жасы кіші болса да әуелгі сөзді Қазеш бастайды. Орынжан сөз кезегінде Қазештің қытығына тимей: «Бұл айтыста жеңу-жеңілу мақтан емес, артқа сөз қалдырғанымыз мақсат», -деп жұмсақ сөйлейді. Қазештің сөзі өткір, ойы ұшқыр шығып отырады да, жауапқа дайындала бастаған Орынжанды жұрт тоқтатып тастайды.