∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Оңғар жырау мен Топжан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Оңғар жырау мен Топжан
3. Авторы (Айтушы)
Оңғар Дырқайұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қайнарбаев Әлқуат
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1950 жылдар. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы. Институт қорына 1964 жылы келіп түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
501
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 7; Б. 13; Ж. 25; 28Х21; 26Х13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба тор көзді дәптерге нілді сиялы қарындашпен қазіргі жаңа әрпіте жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Айтыс 1895 жылы Қазалы уезінде өтеді. Онда Оңғар Топжанның ата-бабаларының жолы түгел сүзіп баяндай келіп, ата байлығы Топжанға қалғанын, ол байлықпен бес әйел алып, әрқайсысына жеке отау тігіп, бөлек қойғанын айтады. Оңғар Топжанды: «Шынжыр балақ байдың жолын ұстап отырсың», -деп халық арасында қатты қызартып, өлең тілімен жерлейді. Топжан жеңілгеннен ат беремін деп бермей, танып кетеді. Айтыстың аяғы жоқ. Ел аузынан естігенін жазған.
13. Басы:
Әскердің атап шыққан жау бетіне, Кездескен ол да ажалдың нәубетіне.
14. Соңы:
Теңесіп аттың басын жарысқанда, Қалғаның қатарыңнан о да өлгенің.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбада өлең жолдары бір қатардан орналасқан
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова