1885 жылдар шамасында Оңғар жырау Үргеніш пен Бұхара арасында көмір сатып кіре айдайды. Көш жөнекей Төбе тайпасының қызы Ырыстымен кезігеді. Оңғар: «Күн-түн қатып келе жатқан керуеншіміз, түстенетін үй керек, қойыңды сой, он адаммен үйіңе түстенемін», -деп қыздың ақыл-санасын байқамақшы болады. Қыз: «Қонақ қабылдайтын мезгіл жоқ. Жаңа қонысқа енді көшіп келдік, мал жайлауда», деп мән-жайын түсіндіреді.