Жырда Әнес сахабадан бастап қазақтың шығу тегі баяндалып, Кіші жүз руларына дейін тізбектеледі. Бірақ мазмұны Қылышев Қартбай жеткізген жыр нұсқаларымен мазмұндас болып келеді. Толық аяқталмаған. «Құдияр батыр атанды, Кіші жүзге қараған» деген жолдардан кейінгі 176 жол енбей қалған. Соған қарағанда жыршы Қартбай ақыннан үйреніп, халық арасына таратып жүрген Ерғожа Құлпыбаевтың аузынан жазылып алынған сияқты.