∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі
3. Авторы (Айтушы)
Шәді Жәңгіров
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ойсылбай Айсұлу Төреқұлқызы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1998 жылғы әдеби-фольклорлық экспедиция
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
888/1
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 24; Ж. 30. 29х20; 24х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың оқушы дәптеріне көк түсті қаламмен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежіре-жыр
12. Қысқаша мазмұны
Бұл 39 бөлімнен тұратын жырдың алғашқы бөлімінде кең тараған халық аңыздары мен жазба деректерді пайдалана отырып, түркі-моңғол халықтарының ру-тайпалары, олардың тұрмысы мен өмір-тіршілігі туралы айтылған. Шығарманың атауына сәйкес қалған бөлімдерінде Шыңғыс хан мен Абылай ханның өмір тарихы кең көлемде, көркем жырланған. Көшіру кезінде қолжазбаның біраз беті жоғалған, кейбір сөздер мен сөз тіркестері танылмаған. Шәді Жәңгіров Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре-и түрк» және де басқа тарихи туындылармен таныс болып, соларға сүйенген болуы керек.
13. Басы:
Айтылған имамдардан кітаптар көп
14. Соңы:
«Өзбек» деп аталады, есім беріп
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның беттері ажырап кеткен. Тысы ескірген, жыртыла бастаған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова