∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Амудария құйылысындағы шежіре

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Амудария құйылысындағы шежіре
3. Авторы (Айтушы)
Қартбай Қылышев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қыдырәлі Саттаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Шежіре-жыр 1991 жылы Ташкент қаласының Янгиабат массиві, Ілтипат көшесі, №95 үйде хатқа түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/62
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 55; Ж. 16. 30х21; 19х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін ақ кеңсе қағазына жасыл сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежіре-жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жыршы шежіре-жырдың кіріспесінде шежіренің қазақ арасындағы маңызын, жалған дүниеден өткен бабалардың, олардың ұрпақтарының тарихын білу керектігін оқырмандардың қаперіне салып өтеді. Жыр басында Алланың досы Мұхаммедке аздап тоқталып, араб қызынан туған Мәліктің ұлы Әнес сахабаға жыршы ерекше ден қояды. Әнес Мединеге қоныс аударады. Сол жерден Ислам дінін қабылдап, Сахаба Әнес аталыпты. Мәліктен Мағазға дейінгі үш ата тақ (жалғыздан) туып, ұрпақ айтарлықтай өспей қалады. Мағаздың бәйбішесінен екі ата: Ноғай, Башқұрт (естек), екінші әйелінен – қырым татарлары, үшінші тоқалдан: Қурай, Құрбан, Ақшолпан, Шешен, Шеркеш, Дағыстан туып, олардан өрбіген ұрпақтарда алты тіл қалыптасады. Ал Ақшолпаннан – Аламан, одан: Алаш пен Наурыз. Наурыздан ұрпақ өрбімей, Алаштан: Сейілхан мен Жайылхан. Сегіз арыс түрікпен Сейілханнан тараса, Алты Алаш Жайылханнан өрбиді. Атап айтқанда, Жайылханнан: Майқы би, Мүйтен. Майқыдан: Төмен, Өзбек; Төменнен: Айырқалпақ, Келемек. Соңғысынан: екі арыс қара, сары қырғыз. Айырқалпақтан: Қазақ пен Созақ тарайды.
13. Басы:
Ағайын-тума халқымсың
14. Соңы:
Кімді-кім көзімен көріпті
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары бір қатардан орналасқан. Кеңсе қағаздары жинақ үлгісінде түптеліп, сырты қоңыр мұқабамен қапталған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова