∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ, руларға дейінгі шежіре

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ, руларға дейінгі шежіре
3. Авторы (Айтушы)
Бектұрсын Орынбекұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бектұрсын Орынбекұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
2011 жылдың көктемінде жыршы О.Бектұрсынұлы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба бөлімінде болып, шежірені өз аузымен жырлап берді.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1213
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 15; Ж. 23. 15х20; 8х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
араб әрпінде
11. Жанры
шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Жырда Адам атадан бастап кейінгі руларға дейінгі шежіре жырланады. Басқа шежірелерден айырмашылығы адам, кісі есімдері мен ру атауларында біраз өзгешеліктер бар.
13. Басы:
Биссмилла рахмани рахим Жарандар, жәрдем тіле жалғыз Ақтан
14. Соңы:
Пенденің қылған ісі болар жалған
15. Қосымша мәлімет
Беттелмеген
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова