∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бата

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бата
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Е.Құлпейісов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Оңтүстік Қазақстан, Семей, Жезқазған, Қостанай т.б. аймақтарының облыстық, аудандық газеттерінен көшірмелер.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.1126, 207-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.18 28,5х20; 19,5х16,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиялы қаламмен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Төлебай сал бір үйге келіп қоныпты. Үй иесі қонақасыға тары асып беріпті. Оған көңілі толмаған Төлебай сал мысқылдап өлең айтады. Өзінің сал екенін білдіреді. Үй иесі ұялып, Төлебай сал екенін білген соң, бір серке әкеп бата сұрайды. Тілге шешен Төлебай сал серкені жамандаған болып, үй иесінің сараңдығын сөгеді.
13. Басы:
Төлебай басқа бір елге барып қонса, ол үйде тары басып әкеп…
14. Соңы:
Кімді қорқытпақшы болып келіп тұрсың, – депті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат