∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бармақтай май

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бармақтай май
3. Авторы (Айтушы)
Сәпіш Кенжебекқызы Зауырбекова
4. Жинаушы, тапсырушы:
Б.Рахымов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды Мемлекеттік Университеті филология факультеті студенттері фольклорлық практика кезінде жазылып алған. 1991 жыл.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.935.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.12 19х27,5; 9х16,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қағазға көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Мәтінде тойы болып, ұзатылып бара жатқан қыз туралы айтылады. Әкесі ел-жұртын шақырып той жасап, теңін тоғыз түйеге артып, қызын ұзатып жатқанда, қызы жылайды. Оның себебін сұрағанда: «бақайшықта бармақтай май қалды, соған жылаймын» деген екен қыз жеңгелеріне. Қызының тілегін естіген әкесі бір мал сойып, үйітіп, бас-сирағын теңінің ішіне салып беріпті.
13. Басы:
Әкесі ел-жұртын шақырып той жасап, теңін тоғыз түйеге артып, қызын ұзатып жатқанда, қызы жылайды.
14. Соңы:
Мұны естіген әкесі бір мал сойып, үйітіп, бас-сирағын теңінің ішіне салып беріпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат