∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Балгермен бәтуа

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Балгермен бәтуа
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Е.Құлпейісов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.1124, 131-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 4; П.3; Ж. 24 20х16; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Қажымұқан енесі Тәкеймен әзілдескісі келіп, жолаушылап келе жатқан жолында бір балгер жігітті үйіне ертіп келеді. Қажымұқан алдын-ала балгерге бәрін түсіндіріп айтып қояды. Балгердің сөзіне сеніп қала жаздаған енесі Қажекеңнің әзілдеп отырғанын біліп қойып, балгерді соңына дейін тыңдамай үйден шығып кетеді.
13. Басы:
Қажымұқан жолаушылап, ауылға қайтарда, жолай үйіне бір балгер жігітті ерте келеді.
14. Соңы:
Қой, балың құрсын, балың құрсын, – деп сыртқа шығып кетіпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат