∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Балгер тәуіп

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Балгер тәуіп
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
М.Мәжікеев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.828, 1-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.15; П.8; Ж. 10 20х15; 16х9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Бірде Күсеп ел кезіп жүріп бір үйге келіп қонады. Үй иесі жолаушылап кеткен екен. Түн ортасында Күсеп шымылдық ішінен күбірлеген дыбыс естиді. Күсеп бөтен жігіт пен жас әйелдің әңгімесіне кірісіп, әйел оқыстан төсектен құлап денесін ауыртып алады. Ертесіне күйеуі келіп әйелінің кеселін Күсепке емдетпек болады. Күсеп қу қолына домбыра алып, безілдетіп тартып, басқа адам анық ести алмайтындай етіп, дереу жазылмаса күйеуіне жеткізетінін айтқанда әйел басын көтереді. Күсеп сырқатты емдеп жазған тәуіп ретінде сый-сияпатпен аттанады.
13. Басы:
Ел кезіп, бірге түстеніп, бірге қонып жүре беру Күсептің белгілі әдеті.
14. Соңы:
Қандай сырқат екенін тапқан балгер, оны емдеп жазған тәуіп лайықты сыйлықпен аттанды.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат