∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бала кімге тартады?

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бала кімге тартады?
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
М.Мәжікеев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.828, 4-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П.2; Ж.16 20х16,5; 16,5х14,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Мәтінді жазып алушы Совет өкіметінің алғашқы жылдарында бұрынғы Атбасар уезіндегі елдерді қызмет бабымен аралағанын, қариялардың әңгімесін тыңдап, кейбірін қағазға түсіргенін жазады. Бәубек Бекмырзаұлының семья құрамы жайында айтқан әңгімесін қарттардың баяндауымен жазып алғанын жеткізеді. Батыр төрт некелі болғанын, алғашқы үш әйелден туған балаларының өзіне тек сыртқы сымбаты, бет ажары жағынан ұқсағанын, ал мінез-құлық пен ой-өрісі жағынан нағашыларына тартқанын айтқан. Осыған байланысты, бала ұзақ уақыт құрсақта көтерген, туғаннан кейін күні-түні мәпелеп баққан анасына тартатынына көзі жеткенін айтқан екен.
13. Басы:
Совет өкіметінің алғашқы жылдарында бұрынғы Атбасар уезі территориясындағы елдерді қызмет бабымен араладым.
14. Соңы:
Бұл тұрғыдан қарағанда, бала ұзақ уақыт құрсақта көтерген, туғаннан кейін түн ұйқысын төрт бөліп, жарғақ құлағы жастыққа тимей мәпелеп өсірген анасына тартады екен деген қорытындыға келдім..
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат