∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Байқұда палуан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Байқұда палуан
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сайлаубек Жақыпов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.914, 9-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; П.1; Ж. 31 29х20; 26.5х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ түсті кеңсе қағазына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Бұл әңгімеде көзін көрген ақсақалдардың бірі Байқұда палуанның құдыққа түсіп кеткен інген түйені қара күшпен тартып алып шыққан алып күштің иесі екенін айтса, енді бірі Семей жеріне цирк ойындарымен келген ағылшын палуанын оң жамбасқа алып ұрған ерлігін айтады. Ал енді бірі палуанның астындағы мініп жүрген айғырын астына кіріп көтеріп алып кете беретін қызықты шақтарын айтып отырады.
13. Басы:
Байқұда жайында алғашқы сөзді Ырзаекеңе (Тілеубердин) берейік.
14. Соңы:
«Айғырым мені көтереді, мен айғырымды көтеремін» деп Байқұда күн күркірегендей күңгірлей сөйлеп, ха-ха-халап күледі, – дейді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат