∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Әріптің Абайға жауабы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Әріптің Абайға жауабы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғ.Дүйсеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.866, 2-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж. 20 15,5х20; 10х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Ақтайлақ бидің немересі Әріп ақын Семейде оқып жүреді. Абайдың Семейге келгенін естіп, амандасуға келеді. Сонда Абай сол жерде тұрып үйдегі мен сырттағыны бір ауыз өлең қып айтуын сұрайды. Сонда Әріп іркілмейді. Абай «жарайсың!» деп, қасына отырғызады. Енді кездескенде Абай оған тағы да өлең айтқызады. Келесі бірде Абайды жолдастарымен Ертіс бойында кездестіріп сәлем берсе, Абай сәлемін алмай: «албасты қандай болады?» деп сұрайды. Әріп: «Албасты тап сіздей болады»,– деп жауап береді де өз жөніне жүре береді. Жолдастары аң-таң болып қалады. Олар үйге келген соң, сізге ауыр сөз айтқаны несі деп сұрайды. Сонда Абай: «Ол бала – Ақтайлақ бидің немересі. Ол мені сөккен жоқ. Сөзіме жауап берді», – деп жауап береді.
13. Басы:
Сыбан Ақтайлақ бидің немересі Әріп ақын бала кезінде Семейде оқып жүріп, Абай Семейге келісімен Әріп барып сәлем беріп, амандасып тұрады екен.
14. Соңы:
Ол баламен ойнамаңдар, ол маған өзін сынатып жүр, мен сынап жүрмін, – депті Абай.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат