∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Аузың төмен қалды...

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Аузың төмен қалды…
3. Авторы (Айтушы)
Орынбай Сексенов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Н.Төреқұлов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1964 жылғы Оңтүстік Қазақстан экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.520.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.32 25х23; 22х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Әңгімеге арқау болған кісі әжеміз ішімдікті ішетін адамды жек көріпті. Арақты көрсе, қария алдымен ала көзімен бір-екі қарап алып, айтарын ақтарып айтып, содан кейін бөлмеден шығып кетеді. Ол кісі «ішкеннің бәрі бірдей мас болады» деп ойлайтын болуы керек. Бірде қонақтар келген де, арақты көрсе де әжеміз орнынан қозғала қоймады. Қонақтың бірі әдепсіздік жасап, арақты бірден қағып салды да, алдына қойған балықты мұрнына тақайды. Қария әлгі жігіт мас болып қалды деп ойлап: – Балам, аузың төмен қалды, төмен, – депті.
13. Басы:
Әжем ішімдікті ішетін адамды барынша жек көреді.
14. Соңы:
– Балам, аузың төмен қалды, төмен, – деді жайлап қана.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат