∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Арбабайдың аңқаулығы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Арбабайдың аңқаулығы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Еркін Құлпейісов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1978 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.1122/48
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.1; Ж.25 20х17; 19,5х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Көк сиямен оқушы дәптеріне жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Ауыл жігіті Арбабай Ақмола-Қараталы темір жолы салына бастағанда өзі сұранып құрылыс жұмысына кіреді. Қарулы жігіт қара жұмысты тыңғылықты істейді. Жол құрылысының басшылары оны үнемі мақтап жүреді. Жол салынып біткен соң адал да қарулы жігітті басшылар жол қараушы қызметіне алады. Ауыл жігіті келісімін береді. Содан оны бір апта бойы жол қараушысының міндетін атқаруға үйретеді. Жол қараушысының шартты белгілері болып есептелетін үш түсті жалаушаларды қандай жағдайда, қалай пайдалану керектігін айтады. Бір күні Арбабайға жол бойында мал бағып жүрген малшы кездесіп, ол мұның жұмысы жайлы, поезд туралы сұрайды. Арбабай «қызыл жалауша көтерсе, поезді тоқтата алатынын» айтып мақтанады. Сол уақытта зулап келе жатқан поезд көрінеді. Сөзін дәлелдемек болған жігіт қызыл жалаушаны қоржынынан жұлып алып, жолдың ортасында тұра қалады. Алқынып келіп, Арбабайға тақай келіп тоқтаған паровоздан қарт машинист Максимов не болғанын сұраса, Арбабай: «Жол аман. Сенің берілген белгіге қалай тоқтайтыныңды сынайын деп едім» дейді. Уақытынан ұтылып келе жатқан машинист мына орынсыз сынаққа ашуланып, Арбабайды жағынан бір тартады да, жүріп кетеді. Тағы бірде Арбабайға ауылдардың малшылары кездесіп, оны мақтай келіп, поезды тоқтата алатынын көрсетуді сұрайды. Мақтаншақ жігіт оларға да көне кетеді. Келе жатқан поезға тағы да жалаушасын көтереді. Бұл жолғы паровоз жүргізуші тағы да Максимов болып шығады. Арбабайдың бұл жолғы қалжыңына ашуланған ол Арбабайды ұрып жығады.
13. Басы:
Ақмола-Қараталы темір жолы салына бастағанда ауыл жігіті Арбабай өзі сұранып құрылыс жұмысына кіреді.
14. Соңы:
Мына Максимов жынданған шығар, енді тепкілейтінді шығарыпты ғой, – деп машинистке наразылығын білдіріпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат