∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Аңшы шал

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Аңшы шал
3. Авторы (Айтушы)
Төлегенова Ұлтуар Төлегенқызы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Гауһар Құрбаналиева. Тапсырушысы Саттаров Қ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
2002 жыл 18 шілде, Төле би ауданы, Леңгір қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ. 920/136.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж. 32 19,3х30; 18х23
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк қаламсаппен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Бір аңшы арыз айтып келгенінде болыс оны есігінен де қаратпапты. Арада бірнеше күн өткен соң болыс ауылының жылқысына қасқыр тиіпті. Ауыл адамдары қанша ізіне түскенімен, қасқырлар сытылып кете беріпті. Сонда қуғыншыларға аңшы кез болыпты. Оның жүйрік тазысы бар екен. Тазысы жылқыға шапқан үш қасқырдың бәрін де жайратып тастапты. Болыс итті қолына түсірмек болып, аңшыға келіп сәлем бергенінде, аңшы шал басын да көтерместен тазысына «болыстың сәлемін ал. Бұл маған емес, саған берілген сәлем» деген екен.
13. Басы:
Бір аңшы арыз айтып болысқа келсе.
14. Соңы:
Бұл маған емес, саған берілген сәлем депті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат