∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Аңқаулар мен қулар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Аңқаулар мен қулар
3. Авторы (Айтушы)
Орынбай Сексенов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Н.Төреқұлов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қайда жазылғаны туралы мәлімет жоқ. Қорға 1964 жылы қабылданған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.520
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж. 26 29х21; 23х16,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен басылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Баяғыда бір аңқау есегіне мініп сапарланып келе жатса, бір тауға кез болады. Аңқау есегін аяп, жетелеп алыпты. Мұны көрген екі қу баспалап келіп, есектің жүгенін сыпырып алып, бірі есекті алып кетсе, бірі жүгенді басына киіп ап, аңқаудың артынан ере беріпті. Бір жерге келгенде тартыншақтапты. Аңқау артына қараса, есектің орнында адам тұрғанын көріп, мән-жайды сұрайды. Қу болса, өзінің тегінде адам екенін, қарғыс ап, есекке айналғанын және жаңа ғана қайта адам қалпына келгенін айтыпты. Аңқау бұған сеніп, әлгі қуды босатып жіберіпті.
13. Басы:
Баяғыда бір аңқау есегіне мініп сапарға шығады.
14. Соңы:
Аңқау бұған сеніп: – Ал, ендеше, үйіңе бара ғой, – деп босатып жіберіпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат