∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Аңқауды алдаған айлакер

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Аңқауды алдаған айлакер
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қ.Тұңғышбаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1960 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.334, 3-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.10 20х15; 16х9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Аңқау мен айлакер адам бірге қызмет істейтін жолдас болады. Бір жылы екеуі соғымға бір семіз сиыр сатып алып, көшемен жетелеп келе жатады. Аңқау малдың арық-семізін айыра білмейді екен. Соғымдық малды қыс түсіп қалған соң амалсыз алғанын айтады айлакер. Өзіне көже-қатық боларлық семіз ет керегін айтып, аңқау үйіне бұрылып кетеді.
13. Басы:
Көп жылдан бері бірге қызмет істеп келе жатқан екі жолдас болады.
14. Соңы:
Бұйырса, бұл сиырдан екі жарым бұт май түседі, – деп айлакер ішінен жымың-жымың етіп қала береді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат