∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Алтын көрсе...

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Алтын көрсе…
3. Авторы (Айтушы)
Құрман Қожахметов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тоқтар Әлбеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жыл. Алматы облысы, Ұйғыр ауданы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.1041
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 14; П.13; Ж. 17 15х19,5; 12х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көз қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Бір бай мен бір кедей көрші тұрыпты. Байдың бәйбіше, тоқалы бар. Құлы мен күңі де бар. Балалары жоқ. Бай байлығын ойлап күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ. Көрші балаларымен ойнап, барын ішіп, мәз-мейрам. Содан бай кедейден неге мәз болатынын сұрағанда, кедей үйінде үш алтыны мен төрт күмісін бір-біріне лақтырып ойнайтынын айтыпты. Бай үйіне келіп, бәйбішесі, тоқалы үшеуі алтын-күмісін бір-біріне лақтырады. Еш күлкі жоқ, қайта алтынды біреу-міреу көріп қоймады ма деп зәресі ұшады. Байдың бәйбішесі кедейдің алтын-күміс дегені балалары екенін түсінеді де, бір күні кедейді шақырып, бір алмадай алтынын, күмісін береді. Кедей алтын мен күмісті алғаннан үйінен береке қашады. Алтынды ұры-қары кеп алып кетеді ме деп қорқып жүреді. Үйіндегі күлкі де тыйылады. Содан алтын мен күмісті бәйбішеге қайтарып, үйіне күлкі оралған екен.
13. Басы:
Осы қазақ жаратылысынан керемет-ақ.
14. Соңы:
Сол күннен бастап кедей үйіне күлкі қайта оралады.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат