∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Алтын көрсе...

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Алтын көрсе…
3. Авторы (Айтушы)
Ж.Атауов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Е.Құлпейісов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.1125/169
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.16 20х18; 17х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Көк сиямен оқушы дәптеріне жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Бір ақсақал қатты сырқаттанып, туған-туыстары имансуын бермек болады. Сол уақытта үй іргесінен өтіп бара жатқан әдемі қызды көрген жұрт: «Шіркін-ай, мына қыздың әдемісін-ай! – деп тамсанады. Әл үстінде жатқан қарт құлағы елең ете түсіп, жалма-жан басын көтеріп: – Қайсы? Аа, шіркін-ай, десеңші! – деген екен.
13. Басы:
Бір ақсақал қатты сырқаттанып жатса керек.
14. Соңы:
– Тамсанып отырған қыздарың қайсы? – деп мойын бұрып, – па, шіркін-ай, десеңші! – деп сұлу қызға көзінің қиығымен қиыла қараған екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат