∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Нұржан мен Бибісара қыздың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Нұржан мен Бибісара қыздың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Нұржан Наушабайұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сыздық Әбілғазин
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
243
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 3; Б. 1-6; Ж. 30; 29Х21; 26Х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба қазіргі қазақ әрпімен машинкаға басылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
6-бетке көк сиямен түсірілген С. Әбілғазиннің мынадай жазуы бар: «Бұл өлең менің қолжазбамда 1940 жылы жазылған. Бибісара-Нұржанның әйелі. Қыз күнінде айтысып, содан кейін қосылған».
13. Басы:
Темір қалам жорғаланып сүрінбей, Оң қаламмен мен жазайын ерінбей
14. Соңы:
Наушабайдың Нұрша ақыны атандым. Бола алмаған еш адамның баласы
15. Қосымша мәлімет
Нұржан Бибісараға ынтық болып, осы айтысты хатпен бастаған. Алғашқы хаттарына қыз жауап қатпайды. Үшінші хатында: «Екеуміз теңбіз, өнер сайысына түсейік. Қорқып бұққаның жөн емес. Бостандықтағы басыңды біреуге байламасаң, әлдекім алып кетер, ол жағын да ойла», — деген адал ойын ақтарады. «Жастық шақ тез өтіп, кетпек, оны ойын мен қызыққа бөлеп өткізейік. Ақ дидарыңды бір көрсет! Сіз бақта сайраған бұлбұлсыз. Мекеніңді көрсет, ендігісін өзің біл», — дейді жас ақын. Махаббат айтысы арқылы бірін-бірі ұнатып, жастар өмірлік жар болуға келісіпті. Он бір буынды қара өлең ұйқасына құрылған.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова