∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ақын қыз бен арсыз шал

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ақын қыз бен арсыз шал
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қ. Саттаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белігсіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.97/1
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1;Ж. 27 29,7х21; 22х16,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сары кеңсе қағазына машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Мінезі қыңыр Балғабай болыс алты қатын алған екен. Бірақ бала сүйе алмапты. Алпысты алқымдаған Топай бай ат сабылтып қалындық іздей бастайды. Жасынан әнші атанған Балкүмістің даңқын естіген бай оған көз салады. Қыз ауылының маңайына үй тіктіріп, дастархан жайып, Балкүмісті шақыртады. Құрбы қыздарымен бірге келген Балкүмісті Балғабай өзі қарсы алып, біреуге шығартып алған бір ауыз өлеңін айтып, көңілін білдіреді. Балкүміс оның жасының алпысқа келгенін, өзінің жас екенін, оның байлығының түкке қажеті жоқ екенін өлеңмен айтып, үйден шығып, жүре беріпті.
13. Басы:
Елінің сорпаға шығары атанған қыңыр мінезді Балғабай болыс алты қатын алып, бірақ солардың бірде-бірінен бала сүймепті.
14. Соңы:
Кемпірге алпыстағы некелесе, – деп тоқтайды да, үйден шыға жөнеледі.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Ж.