∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ақыл жастан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ақыл жастан
3. Авторы (Айтушы)
Ысқақ Ермекбаев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сайлаубек Жақыпов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1984 жыл. Шығыс Қазақстан облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.914, 1-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; П.2; Ж. 31 29х20; 26,5х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ түсті кеңсе қағазына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Аты елге жайылған атақты ағайынды Торайғыр мен Шоңның араларына жік түсіп, бірін-бірін көре алмай күндеп, өкпелері күнен-күнге ұлғайып, бет көрісе алмауға дейін барады. Татуластыруға келгендердің де сөздерін тыңдамайды. Ақыры бірге тура алмайтынын білген Шоң үйін жығып, жұртын тастап көшіп кетпекші болғанда, сол жерде Торайғырдың қойын бағып жүрген Тазша баланың тақпақтата айтқан сөздеріне ойланып қалып, көшпей қалып қалған екен.
13. Басы:
Торайғыр мен Шоң – Арқадағы сүйіндік елінің азулы билері, айтулы шешені болған, ХХ ғасырда өмір кешкен ағайынды адамдар.
14. Соңы:
«Дау сөзге тоқтайды» деген осы болса керек.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат