∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Ақбөкеннің қашуы
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Ақбөкеннің қашуы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғали Дүйсеков
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1977 жылы, Павлодар қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.866, 2-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; П.2; Ж.35. 16,3х21; 14х19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көз қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Әңгімеде бір жігіттің аң аулап жүріп, киік отының күшін, соны жеген ақбөкеннің күшін байқағаны жайында айтылған. Әңгіме Қаратау аңшыларынан естігені бойынша жазылыпты.
13. Басы:
Қаратауда бір жігіт аң аулап киік атып жүріп, тауды аралап келе жатса, бір алқапта қойдай бастарын айқастырып ақбөкеннің ұрғашылары қосақталып тізіліп тұр.