∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ақанның ат баптауы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ақанның ат баптауы
3. Авторы (Айтушы)
Жылқыбай Амалдықұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
М.Мәжікеев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.828, 3-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П. 1; Ж. 22 15,5х20; 14х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Жылқыбай жігіт шағында Ақан серімен жолдас болған, Құлагерді бәйгеге апарған сапарларға да бірге барған екен. Сол кездерді еске түсіру әңгімесінде Ол Ақанның ат баптау жайындағы әдетін айтып береді. Ақанның Құлагер ғана емес, басқа да аттары болды. Ақан қашан, қайда жүрсе де аттарын ерекше күтеді, күндіз де, түнде де солардың жанында жүреді. Тіпті, қонған үйлерде жатпай, аттарын жаздыгүні жазық далаға апарып, қыстыгүні маяның іргесінде жатады екен.
13. Басы:
Көкшетау уезіне қарайтын Көшей әулетіндегі қарт ата Амалдықұлы Жылқыбайға екі рет кездестім.
14. Соңы:
Ақан асқан ғалым, адамгершілік дәстүрді берік сақтайтын жан еді, өсекшілер айтқандай болымсыз теңеуге лайық адам емес-ті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат