∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ақан сері жайында

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ақан сері жайында
3. Авторы (Айтушы)
Жәкіш Бейсенбаев
4. Жинаушы, тапсырушы:
М.Мәжікеев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.828, 3-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; П. 2; Ж. 19. 15,5х20; 13х18,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Жәкең Ақан сері жайында әңгімесінде мынандай бір естелік айтыпты. Көкшетау қаласында жыл сайын өткізілетін жазғы жәрмеңкеге Атбасар уезінен Қарауыл Смайлов Әлмүсіре болыс, оның інісі Мұқыш мырза келеді. Олар Ақан серімен таныспақ болып, оны арнап қонаққа шақырады. Қызу әңгімелерден кейін көпшіліктің сұрауы бойынша Ақан домбыраға қосылып ән шырқайды. Сыйлы мейманға арналған қонақасы даяр болады. Ет туралып, жасы үлкендер бастап, басқалар қаужаңдап тамақ алып жатқанда, Ақан сері табаққа қолын салмайды. Бұл құпия сырды дастарқан айналасына отырғандардың көпшілігі сезбейді, ал сезгендері тіс жармайды. Сонымен, қонақтар қош айтысып, тарқайды. Келесі күні Жәкең мен Ақан сері кездесіп қалады. Ақан қалтасынан бір қағазды алады да: «Мынау протокол, мырзаңа апарып бер», – дейді. Жәкең ол қағазды Шөбектің Жаналысына апарып береді. Ол қағазды оқып шығып: «Мұнда не жазылғанын мен айтпайын, сен естімей-ақ қой», – дейді. Жәкең істің жайын кейінірек білсе, Ақан өте таза кісі екен. Кешегі алдына қойылған қонақасыға қол салмауына себеп – табақ жиегі кір екен. Мырзаңа тапсыр деп Жәкеңе берген қағазы сол үшін жазылған «протоколы» екен. Мырзалар өз қателіктерін мойындап, құрметті ағасы Ақан серіден кешірім сұрайды.
13. Басы:
Ақан сері жайында әңгімесінде Жәкең мынандай бір естелік айтты.
14. Соңы:
Мұндағы мақсаты – отырған орынға, тағам ішетін, намаз оқитын жерге сығынды су шашырамасын дегендік еді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат