∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ақ тоқым, қос таңбалы...

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ақ тоқым, қос таңбалы…
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Д.Шалабеков, А.Нарымбетов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1951 жылы, Қарағанды экспедициясы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.255
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.18 29,7х21; 14,5х16,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сары кеңсе қағазына машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Ахмади деген жігіт жалғыз атын жоғалтыпты. Өзі ақын әрі балуан екен. Сөйтіп Бақбақтыда жиын өткізіп жатқан Қожахан болыстың ауылына келеді. Үйге баса көктеп кірген кедей жігітті болыс жақтырмай қалады. Шаруасын сұрап білген соң, ақынға жоғалған атыңның белгісін өлеңмен айт деп талап қояды. Сонда Ахмади атын сөзбен сипаттап, жылқы емес, адам болса, болыс болатындай-ақ ат екенін айтып тоқтайды. Ахмадидың өткір сөзі шамына тиген Қожахан болыс айналасындағыларға оның жоғын тауып беруді тапсырыпты
13. Басы:
Әрі ақын, әрі балуан Ахмади деген жігіт жалғыз атын жоғалтып, Бақбақтыда жиын өткізіп жатқан Қожахан болыстың ауылына келеді.
14. Соңы:
– Аты жүйрік қайырады, тілі жүйрік айырады, – деген, мынаның тілі улы екен, жоғын тауып беріп қайтарыңдар, – депті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат