Ыбырай Нұров деген жігіт жас болса да бір тілім нан үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Спасс заводындағы қара пештің шлагын таситын тәшкеші етіп жұмысқа қойды. Күніне 12 сағат бойы тәшке тартам. Шлакты апарып төгетін жер қара пештен 30 метрдей. Жұмыстан діңкең құрып шығып, үйге әрең жететін едім. Ол кезде үй дейтін үй бар ма, жерден қазылған үйшік болатын. Ағылшындар жұмысшылардың еңбегін сүліктей сорды. 12 сағат титықтап еңбек еткенде ішсек асқа, кисек киімге жарамайтын едік. Ағылшын заводында бірнеше жыл істегенде ұшы-қиыры жоқ бересіден айырылғаным жоқ.