∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ағамел – ақылды ақсақал

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ағамел – ақылды ақсақал
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғали Дүйсеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1977 жыл. Павлодар қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.866, 2-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; П.2;Ж. 37 16,3х21; 14х19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көз қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Наурызбай дейтін кісінің Ақбілек атты қызы Жаңабай байдың келіні екен. Жазды күні келінді алып қайтуға он шақты кісі барады. Неше күн ойын-тойын өткізіп қайтады. Ағамел ақсақал бастаған құдаларды екі жүздей адам шығарып салады. Жолда әдемі киінген бір мырза құдалардың жолын кес-кестеп, өзін қабыл алмаған қызды қайын жұртының алдында масқараламақ болады. Мұны Ағамел ақсақал түсініп, екеуін татуластырып, келіннің абыройын сақтап қалған екен.
13. Басы:
Семей облысы, Жарма ауданы, Сыбан деген елде Наурызбай деген кісінің Ақбілек деген сұлу қызы Елқондыда Жаңабай дейтін байдың келіні екен.
14. Соңы:
Бұл – сирек кездесетін ақылдылық.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат