∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Абайдың үш сезімді қатар қабылдауы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Абайдың үш сезімді қатар қабылдауы
3. Авторы (Айтушы)
Әбдірахман
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғали Дүйсеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1980 жылы қорға түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.866, 2-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.6; П.3; Ж. 35 16,5; 15х17,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Әбдірахман Құрманғалының кіші баласы Рақымның үйіне қонаққа барады. Ол үйде де Абайдың, Құрманғалының суреттері тұр екен. Келесі күні олар қасына Дәумен деген сөзге шешен кісіні ертіп, Абайдың үйіне қонаққа барады. Төсек алдында Абай отыр еді. Семіз денелі, қара кісі екен. Кісіге қадала сын көзімен қарап, бастан-аяқ бір шолып шыққанда, сол кісінің ой-өрісін, мінез-құлқын, қысқасы, бойындағы бар қасиетін біліп шығатын сияқты. Денесіне тұтаса біткен жуан мойны кісіге қарағанда денесімен бұрылып қарайды екен. Қымыз ішіп болған соң Абай бір жігітке жез леген алдырып, басына суық су құйғызып отырады. Ол Дәуменнен келген жұмысын сұрайды. Ол келген жұмысын айта бастағанда, елінің бір жігіті кіріп келеді. Абай одан да шаруасын сұрайды. Дәумен жұмысын кейін айтармын деп тоқталып қалады. Сонда Абай Дәуменнің неге үндемей қалғанын сұрайды. Ол айтам дегенше Абайдың басына су да құйылып болады. Екі жігіттің не айтқалы келгенін Абай бір әрпін қалдырмай айтып береді. Рақым Абайдың бірден үш сезімді қатарынан қабылдағанына қайран қалады.
13. Басы:
Келесі күні Құрманғалының үлкен үйінде Рақым деген кіші баласы бар екен.
14. Соңы:
«Және басына су құйғызып отырып, бірден үш сезімді қатарынан қабылдау, неткен алғырлық» деп, қайран қалдым, – деді Рақым.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат