∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Абайдың Жылтыр ақынға сыны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Абайдың Жылтыр ақынға сыны
3. Авторы (Айтушы)
Әбдірахман
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғали Дүйсеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1980 жылы қорға түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.866, 2-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж. 36 15,5х20; 14х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Бірде Бозай төре қасына Жылтыр ақынды ертіп, Құнанбайға амандасуға келеді. Құнанбай Бозаймен әңгімелесіп отырғанда, Бозай күмістелген шақшасындаға насыбайды өзі атып, бірде Жылтыр ақынға ұсынып кезектесіп отырысады. Сонда әкесінен төмен отырған он төрт жасар Абай Жылтыр ағасының атына, ақындық атағына сырттан қанық екенін айтып, Бозай ағайы мен шақшасы туралы бір ауыз өлең айтып беруін өтінеді. Құнанбай мен Бозай Жылтыр ақынды мадақтай бастағанда, Абай Жылтырға: «Сізді ақын десек, жамаушы және өтірікші екенсіз ғой», – дейді. Құнанбай сыйлы қонағын баласының мінегеніне қысылып, өлеңнің қай жерінде жамау бар екенін дәлелдеуін, немесе сөзін қайтып алуын талап етеді. Сонда Абай: «Өтірікші дегенім Қызылсу Шарға құймайды, өз бетімен Ертіске құяды, бұл – бір. Екінші, «әркімнің бір жары бар басыбайлы» деді. Әйелдің жалған байы болса, басыбайлы бола ма? Ал жамаушы дегенім, осы бір ауыз өлеңге Қызылсу, Шарды, әркімнің жарын әкеп қосудың қажеті не? Бір ауыз өлең Бозекеңнің айналасынан табылмай ма?», – деген екен. Бозай төре де, Жылтыр ақын да, әкесі Құнанбай да дәлелді сөзге тоқталыпты.
13. Басы:
Абайдың он төрт жасындағы бала кезі еді.
14. Соңы:
Сөйтіп, он төрт жасар Абай үш дәуді бірден сүріндірген екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат