∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Абайдың даналық сезімі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Абайдың даналық сезімі
3. Авторы (Айтушы)
Ғали Дүйсеков
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғали Дүйсеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1980 жылы қорға түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.866, 2-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж. 30 15,5х20; 14х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Абай өзінің жақсы көретін жолдасына «менен бір сөз сұрашы» деген екен. Жолдасы ол сөзді ұмытып кетіп, Абай сұрағанда ғана есіне түсіп, «не сұрап едіңіз?» дейді. Сонда Абай төрт жасар немересі Әбубәкірді көрсетіп, өскенде осы баланың қандай адам боларын сұраған екен. Досы ойын баласын қалай сынауға болатынына таң қалады. Олай болса мен айтайын деп Абай былай дейді: «Егер бұл Әбубәкір тірі болса, жігіт болып өскен кезінде мүмкін мен болмаспын, ал сендер боласыңдар, естеріңде болсын: «Ақылбай маған тартқан ғой, ал Әбубәкір Ақылбайға тартқан, ұстамсыз, айнымалы болар», – депті. Жолдасы не себептен айнымалы болатынын сұрайды. Абай: «Олай дегенім, Ақылбай ауырып үйде жатқан кезде біткен бала еді. Ақылбай сол кезде апиын ішіп жатып еді. Апиын рухқа шабады ғой» депті. «Сондықтан айнымалы болар» деген екен.
13. Басы:
Абай тәуір көретін бір жолдасына менен бір сөз сұрама»,– депті.
14. Соңы:
«Айнымалы болар» дегенім сол еді, – депті Абай.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат