∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Абайдың Бәкен үйінде болғаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Абайдың Бәкен үйінде болғаны
3. Авторы (Айтушы)
Әбдірахман
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғали Дүйсеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қорға 1980 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ:Қ.866, 2-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж. 30 15,5х20; 14х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Тілеуберді мен Құнанбай дос екен. Құнанбай қайтыс болғаннан кейін алты-жеті айдан соң Тілеуберді қайтыс болады. Абай Құран оқуға кетіп бара жатып Бәкеннің үйіне қонады. Бәкен Абайға: «Ақсақалдың өлімі келсең-кел де кез болған екен. Кезеңге үш шықпай тоқтама!» – депті.
13. Басы:
Ұлан еліне жалғас көкжарлы, саржомарт ішінде аға сұлтан Тілеубердімен Абайдың әкесі Құнанбай дос екен.
14. Соңы:
Асыңа үш жүздің баласын түгел шақыр дегені екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат