∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қатаған мен Сүйінбайдың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қатаған мен Сүйінбайдың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. Қатаған. Қырғыз елінің ақыны. Қатаған руынан болғандықтан, ол «Қатаған ақын» деп аталған екен, шын аты – Арыстанбек. 2. Сүйінбай Аронұлы (1827-1896). Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданында туып өскен. 15 жасынан өлең шығарып, айтысқа түскен, елге танылған белгілі ақын. Тезекпен, Майлықожамен, Қатағанмен айтысы ел аузында сақталып келген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Байқуатов Шубай. Өнер қызметкері. Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясының әншісі. Алматы тұрғыны.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1957 жыл, Алматы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 243 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.23, П.12, Ж.30; 31х19; 28х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың ақ қағазға көк сиямен қазақ әрпінде жазылған. Қолжазба түптеліп, арнайы папкаға салынған. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Араб үлгісінде беттелген.
11. Жанры
Ақындар айтысы
12. Қысқаша мазмұны
Жинаушының айтуынша, бұл айтыс өткен ғасырдың 40-жылдарында, яғни 1844 жылдар шамасында болған. Елді төре тұқымдары, хандар билеген, ел арасы аласапыран кездегі алауыздықты жойып, татуласу үшін қырғыздың Орман ханы Тезек төреге хат жазып, елші жібереді. Қырғыздың манабы Алыбайдың асына қазақ жағына түгел шақырады. Қазаққа сый-құрмет жасап, елдікке, келісімге келуге өтінеді. Қазақ жағы мұны мақұлдап, Тезек төре бастаған қазақтың атақты батырлары мен сұлтандары, билері осы асқа келеді. Бұл асқа Тезек төре жиын топтарда сыннан өткен Сүйінбай ақынды ертіп алады. Қырғыздар жағы қырғыздың даңғыл ақыны Қатағанды әкеледі. Жиналған топ екі ақынды айтыстырады. Айтысушылар қазақ пен қырғыздың ата-тегін айта келіп, елдігін, сән-салтанатын мақтап, мадақтайды, намысқа тиетін сөздерді айтып, бірін-бірі кемітеді. Ақырында Сүйінбай орынды сөзімен Қатағанды жеңеді. Қырғыз жағы Сүйінбайға сұраған жолын беріп, қазақтарды бір ай күтіп, қонақ қылып қайтарыпты.
13. Басы:
Жүйріктер қосылмайды қою шаңға, Арыстан құйылады қашқан аңға.
14. Соңы:
Әділдік қылса хан Тезек, Береді Бәйрік олжасын.
15. Қосымша мәлімет
Папкасы 243 (ӘӨИ). Қатаған мен Сүйінбай айтысы, 14-дәп., 12-34-б. Нұсқалары. 1 Қ. 386 (ӘӨИ). Сүйінбай ақын мен Қатағанның айтысы. Айт. Сариев Ә. 1930., қ. ә., 3-тізім, 2-33-б. 2. Қ. 595 (ӘӨИ). Сүйінбай шығармалары. ОҒК қорындағы қолжазбаның көшірмесі. қ. ә. маш. бас., 14-51-б. 3. Қ. 337 (ӘӨИ). Арыстанбек пен Сүйінбайдың айтысы. Жин. Нұрлыбаев Әшім, 1959., 4-дәп., 3-61-б. 4. Қ. 376 (ОҒК). Сүйінбай мен қырғыз ақыны Қатағанның айтысы. Жин. Жантөбетов С., а. ә., 3-дәп., 1-3-б. 5. Қ. 243 (ӘӨИ). Қатаған мен Сүйінбайдың айтысы. Жин. Байқуатов Ш., қ. ә. м. б., 14-дәп., 1-24-б.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.