∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қадырбай мен жылқышы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қадырбай мен жылқышы
3. Авторы (Айтушы)
1. Қадырбай. 2. Жылқышы (аты-жөні белгісіз).
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы: Жұмағазиев Иманбай Бегімбетұлы (1891-1969). Қазіргі Орал облысы, Казталовка ауданында туып-өскен. 1959 жылға дейін халық ағарту мекемелерінде істеген. 1957 ж. оған «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағы берілген. Тапсырушысы: Сұлтанғалиева Гүлжау. Көп жылдар бойы Әдебиет және өнер институтында қызмет істеген.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1963 жылғы Батыс Қазақстан экспедициясы. Институт қорына 1963 ж. түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 504 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.7, П.4, Ж.28; 21,5х18; 20х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге көк сиямен қазақ әрпінде түсірілген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Араб цифрымен беттелген.
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Байұлының кейбір қарттары Берішті «жұртың күңнен туған» деп келеке етеді екен. Бұған Беріш тұқымы намыстанып, Қадырбай деген жас баланы Байұлынан шыққан жылқышы адамға қарсы айтысқа дайындайды. Бір тойда екеуі кездесіп, Қадырбай Байұлында қалыптасқан «Беріште ата жоқ» деген қыңыр ұғымды жоққа шығарады.
13. Басы:
Жылқышы, сөз сөйледің бала жастан, Өнерің он жасыңнан судай тасқан.
14. Соңы:
Ерлігі билікпенен құтпан байлық, Ежелден бар емес пе біздің жұртта.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.