Қарға батыр бұл кезге дейін ешкімге айтпай келген сырын, сүйген жары Гүлсімге калай үйленгенін баян етеді. Ол былай болған екен. Бір жолы Қарға мал ұрлауға Сіргелі еліне барып, шөлдеген соң, бір үйге кіріп сусындамақ болады. Үйдегі қыз мұның сәлеміне жауап та бермейді, қымыз да құймайды. Қарға қымызды өзі құйып ішеді. Жылқы ұрлайтын мезетті күтіп, кеш қарайғанға дейін жатады. Сол кезде бір ат мініп, бір ат жетелеп бір жігіт келеді де, екі атты талға байлай салып, кетіп қалады. Жасырынып жатқан Қарға көп ойланбастан, екі атқа қызығады да, шешіп алып өзге жерге жасырып қояды. Артынша жанына бір қыз ертіп келген әлгі жігіт аттарын таба алмай, дал болады. «Аттар босанып кетті-ау» деп шамалап, жігіт келген бағытымен іздеуге кетеді. Сол кезде әлгі екі аттың бірін мініп, бірін жетелеп Қарға қыз алдына жетіп келеді. Ойында еш алаңы жоқ қыз көлденең тосылған атқа шапшаң ырғып мінеді де екеуі үнсіз тартып кетеді. Жігіт ілгерірек жүріп отырып, өзін танытпайды. Тек елден алыстаған кезде ғана үн қатады. Алданғанын енді ұққан қыз ағыл- тегіл жылап, жігітті кінәлап сөйлейді. Сонда жігіт: “Мен сені еркіңсіз алмаймын, өкінетін болсаң, жаманыңа апарып тастайын”, – дейді. Жігіттің өктем алғырлығын көрген қыз сол жерде өз тарихын баян етеді. (Бір күн бұрын Қарғаны менсінбеген тәкәппар қыз сол болатын). Оны сүймеген, жарыместеу бай баласына айттырған екен. қыз көңілі бұған разы болмай, жақында ғана өлең айтып танысқан Ғалым деген жігітке тиюге бекініпті. Ғалымды біліп те, сүйіп те үлгермеген, тек амалсыздықтан, айттырған жеріне бармаудың жолы деп осылай шешіпті. Ақылды қыз “Енді қайтьш барсам, Ғалым да күдіктенер, бағыма не жазса да көріп алдым”, – деп, Қарғаға ризашылықпен ереді… Кедей Қарғаның қыз түсірерлік үйі де, күйі де жоқ еді. Сол үшін ол Қалша деген досын табынның батыр балалары Бұхарбай мен Сейілге жібереді. Олар, әсіресе, Сейіл жігіттің назары төмен болмасын деп, мал шығарады, үлкен той жасап, Қарғаға еншіге мал бөліп береді. Қарға Гүлсімнің елде қалған шешесінен кешірім сүрайды. Қыз үшін дауласқан елдің жиынына барып, шындықты айтып, сол елге күйеу болып қайтады. Сүйгенімен баянды өмір кешеді.