∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қалиша мен Мұсабек айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қалиша мен Мұсабек айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Айтысушылары: 1. Қалиша. Күшік деген рудың қызы, бергі бұтағы – сары. 2. Мұсабек. Руы – Жалайыр, оның ішінде Балғалы Дәулетай. Айтушысы: Жапсарбаев Қалқа (1886-1976). Талдықорған облысы, Киров ауданынан. Кенен, Үмбетәлі, Есдәулет, Иманжан секілді замандастарымен өнер жарыстырған. 1961 жылы оған «Қазақ ССР-нің халық ақыны» деген құрметті атақ берілген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Белгісіз.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
ш. 239 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.5, П.3, Ж.24; 29х21, 23х11
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба қазіргі қазақ әрпімен машинкаға басылған. Ақ жіппен тігіліп, қатырғы қағазбен тысталған. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Парақ бойынша араб цифрымен беттелген.
11. Жанры
Қыз бен жігіт айтысы.
12. Қысқаша мазмұны
Айтыс Жалайыр елінде, Қияқбай қызының тойында, 1914 жылы Кескен деген судың бойында өткен. Ақындар бірін-бірі іздеп келгенін айтады. Ақын Мұсабек Қалиша келіншекке: «Бір басыңда бұйымтайым бар, күйеуің Әсембай теңің емес», – дейді. Қалиша жігіттің елі жатақ екенін айта келіп, «Егін егіп, балық аулағансың, маған қолың жетпейді», – дейді. Мұсабек ақын Қалишаға: «Күйеуің Әсембай да егінші еді ғой. Өзіңді астыққа сатып алған жоқ па?» – деп жеңеді.
13. Басы:
Құдыққа құлан келер шөлдеген соң.
14. Соңы:
Телміртіп пенде қылып өскен байың.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.