∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Кете Жүсіп пен Жұбанияз, Құлназар айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Кете Жүсіп пен Жұбанияз, Құлназар айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. Кете Жүсіп Ешниязұлы (1871-1927). Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан. Кіші жүздің Кете руынан, сондықтан халық оны «Кете Жүсіп» деп атап кеткен. Белгілі айтыс ақыны, ол сонымен бірге онға жуық көлемді дастан шығарған. 2. Жұбанияз. 3 Құлназар. Кіші жүздің Шөмекей руының Сарыбай атасынан. Қазіргі Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, «Жаңаталап» совхозынан.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қайнарбаев Әлқуат (1898-1979). Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Кеңтүп ауылында туып, Қармақшы ауданының орталығы Жосалы селосында қайтыс болған. Ол Қазалы, Қармақшы және Шымкент облысының Арыс аудандарында мұғалім, оқу бөлімінің бастығы, аудандық партия комитетінің жауапты қызметкері болып істеген. 20-жылдардан бастап ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға белсене атсалысқан.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1963-1964 жылдар, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 501 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.7, П.4, Ж.27; 29х20, 24х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жолды қағазға көк сиялы қарындашпен қазіргі қазақ әрпінде жазылған. Ақ қағазбен тысталып, тігілген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Араб цифрымен беттелген.
11. Жанры
Ақындар айтысы
12. Қысқаша мазмұны
Бұл айтыс Жұбанияздың жесірі Мархабат үшін болады. Кете Жүсіп көңіл білдіріп, Мархабатқа өлеңмен хат жазады. Оны естіген Жұбаниязы өлеңмен Кете Жүсіпке тиіседі. Кете Жүсіп жауап қайырады. Бұл арада Құлназар араласып, ол да өлең жазады. Бұл бір тұтас айтыс емес. Жазысқан хат түріндегі егес қана.
13. Басы:
Сөз жаздым жауабыңа ермек етіп.
14. Соңы:
Бұл кезде би болып жүр басын баққан.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.