∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Кете Жаскілең мен адай Қалнияздың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Кете Жаскілең мен адай Қалнияздың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
1. Жаскілең. Батыс Қазақстаннан. Руы – Кете. 2. Қалнияз. ХІХ ғасырда өмір сүрген. Маңғыстау, Хорезм аймағына аты шыққан ақын.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Нұрғазин.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 жылы, Гурьев облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш. 243 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.10, П.5, Ж.21; 28х20, 20х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жол көз дәптерге күлгін сиямен қазақ әрпінде жазылған. Ақ қағазбен тысталған. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Араб цифрымен беттелген.
11. Жанры
Ақындар айтысы
12. Қысқаша мазмұны
Екі ақын өз руларының батырларын, шешендерін мадақтап, қарсыласын мұқата сөйлейді. Қалнияздың жауабы дәл, өткір шығады.
13. Басы:
Еділ менен Жайықтың, Мұнар еді ағашы.
14. Соңы:
Таңда махшар күнінде, Отырдың… кәпір қасында.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.