∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Зергер мен ұстаның хикаясы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Зергер мен ұстаның хикаясы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жүсіп пен Арон Шорманұлдары
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1920-1921 жылдары Омбы облысында жазылған
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
128
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 40-53; Ж. 42; 22Х16,5; 19Х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бір жолды дәптер қағазына қара сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Үш жүз қаланы билеген Қамсыз патшаның Хасен атты жалғыз ұлы болады. Оған шебер ұста ағаш ат әкеліп сыйлайды. Ағаш ат екі адамды алып ұшуға арналған. Хасен байқаусызда жерден әп-сәтте аспанға көтеріледі, қайта жерге қонады. Бір шалға кездесіп, бала болып жүреді. Бір ханның баласымен достасып, жиын-тойларда бірге болады. Хасен бір кітаптан асқан сұлу қыздың суретін көріп, оған ғашық болады. Хасен аңсаған қызын тауып, күнде ұшып барып, бірге болып жүреді. Қыз жүкті болып қалады. Әкесі қызымен жылда бір көрісіп тұрады екен. Сол әдеті бойынша бас уәзірін ертіп қызына келеді. Ол: «Қызыңыз бұрынғыдай емес, өзгерген», – деп құлаққағыс қылады. Кінәлі жанды іздейді. Сиқыршы кемпір сарайға сыр жағып кетеді. Оны байқамай басып қалған Хасеннің табанынан бояу кетпей қояды. Патша бүкіл елін жиып, шетінен тексерткенде, Хасен іздеген адамы боп шығады. Тұтқындалып, дар алдына әкелінеді. Бір сәтте: – «Намаз оқуыма рұңсат етіңіздер», – дейді Хасен. Тілегі қабылданған ол ағаш атын лезде жөндеп жіберіп, аспанға бір-ақ шығады. Арлы-берлі шүйіліп кеп сүйген сұлуын да алып кетеді. Елі-жұртын аман-есен тапқан Хасен, ата-анасын қуантып, өзі әкесінің орнына патша болып, қайын жұртына елші жібереді. Екі жақты да разы етеді, сөйтіп мұратына жетеді.
13. Басы:
Бұрын бір патша өткен ол заманда
14. Соңы:
Падиша сау-саламат барды дейді
15. Қосымша мәлімет
Европа үлгісімен беттелген. Өлең жолдары әр бетке екі қатардан, кейде үш қатардан тізілген. Қолжазба ақ қағазбен тысталып, түптелген. Кейбір беттері кірленген. 52-бетте өшірілген жолдар кездеседі.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Азамат Ақан