∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Нұралы мен Бөке қыздың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Нұралы мен Бөке қыздың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Нұралы Нысанбайұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жұмабеков Отызбай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1960 ж., Шымкент облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
393
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1-10; Ж. 15; 22Х17; 17Х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жолды дәптерге қазіргі қазақ әрпінде жазылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Орта жүз Қоңырат руынан шыққан Аманбай үйіне Нұралы түстене келеді. Есік алдында тұрып: «Үйде кім бар?» дегенде, Бөпе қыз өлеңмен жауап қайтарады. Ата деген сөзді көңіліне алып қалған Нұралы қызды өлеңмен қағытады. Нұралы өзінің Ұлы жүзден екенін мақтан етеді. Ақын қыз Бөпе Нұралыны аттан түсіріп, үйге кіргізіп: «Енді сізден сұрар шартым бар. Мақтаған адамдарыңызға түгел сын айтамын. Қабылдамай тағы дау айтар болсаңыз, онда айтпай-ақ қояйын»,-дейді. Нұралы осыған келісіп, қызға кезек береді. Ақын қыз аға ақын Нұралыны түстендіріп, шығарып салады.
13. Басы:
Атажан, үй иесі біз боламыз. Үйде жоқ еркек адам, қыз боламыз.
14. Соңы:
Болардай үш старшин жиеніңнен Таппадым кісілікке тұрар кісі.
15. Қосымша мәлімет
Айтыс алдына түсініктеме беріліп, өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова