Айтыс XIX ғасырдың аяқ кезінде Атбасар базарында болады. Топ арасында өлең айтып отырған Есенбайды көріп, Қожабай домбырасын қолына алып өлеңді қоя береді. Есенбай бұл кезде орта жасқа келген адам екен, ал Қожабай 25-26-лардағы жас жігіт екен. Айтысқа төрелік айтушы қазақтың ұлы ақыны Абай.