∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ноғайлының батыры Шалгез Құлыншақұлының Темірханға айтқаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ноғайлының батыры Шалгез Құлыншақұлының Темірханға айтқаны
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ақмади Есқалиев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қызылорда облысы, жылы белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
328
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 47-48; Ж. 46; 21,3Х30; 14Х25
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көкшіл сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Ел аузында сақталған көлемі шағын көне жырдың мазмұнына қарағанда, Шалгез батырдың Темірханға айтқан өкпе, назы тәрізді. Шалгездің: Жақсыңнан мені кем көрсең, Жаманыңмен тең көрсең, Ырысымды сенен сұраман, – деуі осы ойды аңғартады. Кейде жаман мен жақсыны, дос пен дұшпанды айыра білудің керек екенін, «ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» екенін айтады. Керек қылсаң, мұқтажыңа жараймын деп, сөз аяғын осылай тамамдайды.
13. Басы:
Аспанды бұлт құрсайды
14. Соңы:
Әзірлікпен, сұлтан, жаным иман.
15. Қосымша мәлімет
Ақмади жинап тапсырған бұл нұсқа толық, 7-8 буынды жыр үлгісіне құрылған. Европалық цифрмен нөмірленген. Мұқабасыз, сары қағазбен тысталып тігілген.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Азамат Ақан