∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ноғайлы Шалгез батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ноғайлы Шалгез батыр
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ақмади Есқалиев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қызылорда облысы, жылы белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
328
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 38-43; Ж. 50; 21,3Х30; 15,5Х25
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға көк сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Әрі батыр, әрі жырау Шалгез Орақ, Мамай хандығының заманында өмір сүрген, XII ғасыр шамасы. Ханның адамдары Шалгезді Орақ-Мамайға жамандап шағыстырады. Мамай қастандықпен жаман ат беріп, келе жатқан жауға қарсы шабуылға Шалгезді жалғыз жібереді. Жауға жақындағанда алдынан Арзрум деген бір тұлпарға мінген қалмаққа жеке шығып, оны өлтіріп, жаудың бетін тойтарады. Арзрумға мініп, жау басында тұрған Орақ пен Мамайға келіп, манағы жаман торы аттың басын қылышпен шауып тастайды. Осыдан кейін екі батырға өкпесін айтып, басқа жаққа кетеді.
13. Басы:
Жолдас болып өз қолынан бес-алты ханды атқарып, ақырында Орақ, Мамайға келіп оларды билеп кетіпті
14. Соңы:
Орақ, Мамай «Әй, керек кісі еді!» деп, батырлар бармағын тістей-тістей қалыпты дейді.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба ақ қағазға көк сиямен жазылған. 89-97-беттер жай қарындашпен жазылған. Нөмірленуі. Европалық пагинация. Мұқабасыз қолжазбаның сырты жай ақ қағазбен тысталып тігілген.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Азамат Ақан