∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Төрехан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Төрехан
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сарыманов Бисен
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1941 ж. Гурьев (қазіргі Атырау облысы) облысында жазылған
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
350
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 13; Ж. 82; 17Х20,5; 8Х20
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақты дәптерге көк сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
Латын әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Ноғайлыда Темір деген хан болып, оның Бибі деген қызы, Төрехан деген ұлы болады. Төрехан әкесінен жастай жетім қалып, Боқайдың баласынан қорлық көреді. Тоқалдан туған Егізбай, Сегізбайлар Төреханды өлтірсек, хандық бізге тиеді деп, шешесінің сөзін тыңдамай, Төреханды өлтіру үшін үйіне барады. Алты жасар Төреханнан жеңіліп қайта қашады. Бір күні қалмақтың Қара дәуі келіп, Төреханның қарындасы мен Қараша атын алып кетеді. Төрехан қалмақтың сырлы қаласына аттанып, Қара дәуді өлтіріп, қарындасын алып қайтады. Халық Төреханды хан сайлайды. Ақыры еліне әділ хан болып, мұратына жетеді. Ол 36 жасында қайтыс болады.
13. Басы:
Баяғы ноғайлы заманында
14. Соңы:
Сөйтіп нақ 36 жасында Төрехан демі таусылып, дүниеден қайтты
15. Қосымша мәлімет
Европалык үлгіде нөмірленген. Өлең жолдары әр бетке көпшілігіңде екі қатардан орналасқан. 24-парақтың шетінде Төрехан туралы қарындашпен латын әрпімен бір сөйлем жазылған. Қолжазба екінші рет түптеліп, жөндеуден өткен. Сырты ақ қағазбен тысталып, ақ жіппен тігілген. Кейбір жеке сөз, сөйлем, жолдар (24, 25, 26, 27, 29-б.) көк сиямен үстінен сызылып өшірілген.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Азамат Ақан