∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қарасақал Ерімбет пен Көзденбайқызы Жекей

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қарасақал Ерімбет пен Көзденбайқызы Жекей
3. Авторы (Айтушы)
Қарасақал Ерімбет (Көлдейбекұлы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қайнарбаев Әлқуат
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1964 ж., Қызылорда облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
7. Шифры
501
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 13; Ж. 25; 29Х20; 26Х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жолды қағазға қазіргі қазақ әрпінде сия қарындашпен жазылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Айтыс 1875 жылдары болған. Кезінде атағы шығып, айтысуды аңсаған Ерімбет ақын Жекей қыздың аулына екі атым жоғалды дегенді сылтау етіп іздеп барады. Алдымен бір түйеші шалдан қыздың жайын, оның ата-анасын, күйеуінің жайын біліп алады. Айтыс үстінде екі ақын өз руларын, туыстарын мақтайды. Екеуі де бір-бірінің кемшіліктерін айтады. Ерімбет: «Күйеуің Қырықбай сақау, теңің емес», -деп бетіне басады. Жекей ақын: «Не шара! Жасымда әкем атастырды. Бірақ сенің де көрген күнің шамалы, қайғы-шерің көп. Тіпті ел үшін еңіреген еріңді-Жанқожаны жауыңа байлап бердіңдер», — деп бастырмалатады. Жекейдің бұл сөзіне Ерімбет жауап қайтара алмайды.
13. Басы:
Әлеумет, құлағың сал бастаймын кеп, Бұл сөзге тарттым қалам бісміллә деп.
14. Соңы:
Молдеке, көріселік, қолыңды бер, Бастаған үлкен едің сөздің басын.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан тізілген
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова