Екі ақын бұл айтыста бетпе-бет келген емес, ол 1920 жылы жазбаша өткен. Ермұрат ескіше көп оқыған адам. Ол өз атынан жұмбақ өлең жазып елге таратқан. «Үш нәрсе бар. Бірінің болу мүмкіндігі жоқ. Бірі бәрін де қамти алмайды, бірі болу мүмкіндігі болғанмен, білуге келмейтін зат. Осыны шешіңіздер»,-дейді. Ел таратылған жұмбақ Тұрмағамбеттің қолына тиген соң, ол: «Үшеуіңе үшеуімді қарсы қоям. Оның бірі-бүтін, бірі-жарты, бірі-бос қалмайтын бекер форма»,-деген жұмбақ жазып, оны Ермұраттың атымен таратады. Ермұрат: «Мұны мен шығарғам жоқ», — деп азар да безер болады. Ермұрат Тұрмағамбет шығарған жұмбақты: «Ғаламда ғылым-бүтін, жаһил-жарты, ал бос жүрген сендей жандар бекер емей немене?»-деп шешеді. «Адамға қас шаян сияқтылар суға лақтыру қажет», -деген ескі әңгімені тұспалдайды. Тұрмағамбет соңғы өлеңінде өзінің алғашқы буынын көрсетеді. Айтыс шиеленісіп барып, келістіруші адамдардың кірісуімен тоқтайды.