∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Абылай хан (Сабалақ)

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Абылай хан (Сабалақ)
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Нұрәліұлы Олжабай – жыршы, ақын. 1881 жылы Ақмола облысы, Ерейментау өңіріндегі Қоржынкөл маңындағы Шешен ауылында дүниеге келіп, 1935 жылы Қызылжар қаласында қайтыс болған. Әкесі Нұралы – Қанжығалы Бөгенбай батырдың ұрпағы, Саққұлақ бидің жеті ұлының бірі. Ол 1876 жылы өткен Сағынайдың асында Құлагердің өліміне байланысты Ақан серінің сөзін сөйлегені үшін дұшпандарының қолынан (у берген) қаза тапқан.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1125
8. Бет, жол саны, өлшемі
25; 23; 21х17; 18,5х11
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл
11. Жанры
тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
«Сабалақ – Абылай хан» тарихи жырында Абылайдың ханның ел тарихындағы орны мен хандыққа дейінгі өмір жолы баяндалады. Жырдың алғашқы бөлімінде Береке хан, Әмір Темір, Сұлтан Баязит, Тоқтамыс хан және Абылайдың ата-бабалары туралы қысқаша мәлімет беріледі. Жырдың негізгі бөлімінде Әбілмансұрдың «Сабалақ» атануы, Үйсін Төле бидің қолында малшы болуы, Төле бидің Сабалақты сынауы, Бөгенбай батырмен кездесуі, жоңғарлармен соғыста қалмақ батыры Шарышты жеңуі, ерлігімен елге танылып, Сабалақтың «Абылай» атанып, хан тағына отыруы суреттеледі.
13. Басы:
Қазақ елі ежелден байтақ еді, Алтын Орда қарауында тұрып еді.
14. Соңы:
Кең мырзалық сол күні зор тасыған, Сый тартқан үш жүздің баласына.
15. Қосымша мәлімет
«Арқа ажары» газетінің 1991 жылғы 24 сәуірдегі санында жарияланған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш